«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 5 ақпаннан 2023 жылғы 5 мамырға дейін ұзартылсын:
1) Ақтөбе қ., «ДИК Ойл» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның № KZ.V.05.2017 аккредиттеу аттестаты;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Шиелі (Жаңақорған) аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасының № KZ.T.12.2022 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

