«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 7 тамыздан 2025 жылғы 7 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) Қарағанды қ., «Энергометросервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.1006 аккредиттеу аттестаты;
2) Атырау қ., «Бүркіт Сэйфти» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.06.1098 аккредиттеу аттестаты;
3) Орал қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.09.0844 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «Алматы Сертификаттау бюросы» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.Q.02.0740 аккредиттеу аттестаты;
5) Орал қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасының № KZ.K.09.1968 аккредиттеу аттестаты;
6) Өскемен қ., «Қазақтың мамандандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.07.0535 аккредиттеу аттестаты;
7) Қызылорда қ., «СтандартСтройСервис LTD» ЖШС Ақкөл филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.12.1600 аккредиттеу аттестаты;
8) Ақтөбе қ., «НИИ «Батысэкопроект» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.05.0903 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

