«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Алматы қаласы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 02.07.2025 жылғы № 7528-25-00-3/24557 және Алматы қаласының сотының 31.07.2025 жылғы №3а/753 қаулыларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 31.01.2022 жылғы № KZ.Q.02.E0792 «Орда Серт» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау органын 2026 жылғы 31 қаңтарына дейін, аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

