Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қыркүйек айының 7 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 73 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Сарыағаш қ., «Сертификационный центр «Сапа Стандарт KZ» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Шымкент қ., «Құрылыс-Өрт сараптамасы» ЖШС-ң өрт қауіпсіздігі зертханасы аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
3.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Қарағанды қ., «MediTEC-NS» ЖШС-ң Қарағанды филиалының сынақ зертханасы;
Орал қ., «Орал Expert сынақ зертханасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «ВИВА ФАРМ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қарағанды облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;
Павлодар қ., «РУБИКОМ» кәсіпорын ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
Теміртау қ., «MegaStandart KRG» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Шығыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтөбе қ., «Aktobe Gas Innovations» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Орал қ., «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ң «Инженерлік-техникалық орталығы» филиалының метрология және аналитикалық құралдар бөлімінің салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Шығыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру және метрологиялық өлшемдер білімінің калибрлеу зертханасы.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне және ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., «Жаңа Жобалар Ғылыми-техникалық Орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
4.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Ақтау қ., «Test Standard Engineering» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
Қызылорда қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қызылорда филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
4.4 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Алматы қ., «Электромагниттік және хабарлар жүйелерінің қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» ШЖҚ РМК-ң Оңтүстік Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасы;
4.5 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК-ң тіндерді иммунологиялық типтеу бөлімшесінің медициналық зертханасы атауын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК-ң тіндерді иммунологиялық типтеу медициналық зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
4.6 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен-жайы өзгеруіне байланысты:
Павлодар қ., «Кызылжар Инвест» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
5. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1,2,3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

