Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес және Аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша комиссияның 2025 жылғы 24 шілдедегі № 14-В хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
Атырау облысы, Атырау қаласындағы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының калибрлеу зертханасының 2021 жылғы 31 желтоқсанда берілген № KZ.K.06.E0746 аккредиттеу аттестатының қосымшасына енгізілген «3-ші, 11-ші, 13-ші, 15-ші» өлшем түрлері бойынша саласы қайта жаңғартылсын.
-
«ҰАО» РМК Мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілері тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу жөніндегі комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектісіне хабарлассын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

