«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республиқасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңның 22-бабына сәйкесжәне 2020 жылғы 8 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 74 хаттамасы негізінде,БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қ., «Қамқор Вагон» ЖШС-ң «Аякөз вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбайтын бақылау цехінің сынақ зертханасы;
Тараз қ., «Иресте» мекемесінің сынақ зертханасы;
Алматы қ., «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті» РММ-ң зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
Алматы қ., «ALTA Telecom» («АЛТА Телеком») ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Семей қ., «Эко-САД» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «Учебный центр «Охрана труда и Промбезопасность» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Шымкент қ., «Компания Ахмет» ЖШС-ң құрылыс сынақ зертханасы;
Алматы қ., «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Алматы қ., «Волковгеология» АҚ-ң филиалы «Орталық тәжірибелі-әдістемелік экспедициясы» Химия-аналитикалық партиясы (зертханасы);
Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ң «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» Инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ зертханасы.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

