Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 4 тамыздағы № 302 хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
- ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Павлодар қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Павлодар филиалының инспекциялық органы аккредиттелсін.
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
- Атырау қ., «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның Атырау филиалының кешенді зертханасы;
- Қаратал ауданы, Үштөбе қ., ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Қаратал аудандық бөлімшесінің Жетісу облысы бойынша сынақ зертханасы;
- Алматы қ., «НҰР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС-ның сапаны бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
- Ақтау қ., «NDT-Дефектоскопия» ЖШС-ның техникалық диагностика және бақылау сынақ зертханасы;
- Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ., «Kaz M-I» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек кенті, «SARQYR» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, «Стройпроектсервис 2015» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
- Қарағанды қ., «ЭКОЭКСПЕРТ» ЖШС-ның жылжымалы/стационарлық сынақ орталығы;
- Екібастұз қ., «Промсервис-Отан» ЖШС-ның санитарлық-профилактикалық зертханасы;
- Астана қ., ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасы;
- Рудный қ., «Рудныйсоколовстрой» АҚ-ның құрылыс зертханасы.
-
ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
- Астана қ., «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС-ның өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
- Астана қ., «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-ның өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
- Аккредиттеу саласының орналасқан жеріне байланысты Алматы қ., «Физикалық факторларды зертханалық зерттеу орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты Атырау қ., ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Ақтөбе қ., Атырау қ., «SHOKAY» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Астана қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Астана филиалының сынақ орталығының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- «ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
- «ҰАО» РМК мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
- «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК аппарат басшысы М.Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

