Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы қаңтардың 21 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 6 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«Центр экспертизы и сертификации подъемно-транспортного оборудования» ЖШС өнім сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.;
«Cosmomed» ЖШС Өнім сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.;
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
«КосАгроКоммерц» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Семипалатинский завод масел», ЖШС сынақ зертханасы, Семей қ.;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы аймақтық филиалының сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Geo-Lab» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалының сынақ орталығы, Ақтау қ.;
«Құрылысгаз» ЖШС сынақ зертханасы, Орал қ.;
«Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС Гидробиологиялық зертханасы, Алматы қ., Атырау қ.;
«РУ-6» ЖШС радиологиялық сынақ зертханасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Scientia Kazakhstan» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Almaty-Autotest» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«С.М. Киров атындағы Машина жасау зауыты» АҚ зертханалық-аналитикалық орталығының калибрлеу зертханасы, Алматы қ.;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының калибрлеу зертханасы, Алматы қ.;
3.3. Келесі аккредиттеу субъектісінің мекен-жайының атауы өзгеруіне байланысты:
«Астық Сапасы» ЖШС сынақ зертханасыны, Қызылорда қ.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

