Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «ПромЛидер» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № KZ.T.11.2329 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «UniTestNew» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 17 қантардағы № KZ.P.02.0732 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары М.К. Айтышевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

