Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қантар айының 31 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №05 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Ақсай қ., "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." ЖТАҚ Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Өскемен қ., "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" ШЖҚ РМК-ң бақылау және сынау зертханасы;
Батыс Қазақстан облысы, Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орны "Жаикмунай" ЖШС-ң газды кешенді дайындау қондырғысының сынақ зертханасы;
Оңтустік Қазақстан облысы, Мойынқұм кен орны, "Қазақстандық француздық "КАТКО" бірлескен кәсіпорны" калибрлеу зертханасы;
Екібастұз қ., "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC"
АҚ-ң "Солтүстік жүйеаралық электр тораптары" филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Султан қ., "Астана су арнасы" ШЖҚ МКК салыстырып тексеру зертханасы;
Жаңаөзен қ., "Өзенпромгеофизика" АҚ-ң метрологиялық учаскесінің калибрлеу зертханасы;
Қарағанды қ., "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК-ң Карағанды облыстық филиалының Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау сынық зертханасы;
Атырау қ., Жылыой ауданы, "Біріккен кәсіпорын "Казаналит" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2.2 Алматы қ., "Алматы технологиялық университеті" АҚ-ң "Тағамдық қауіпсіздік" сынақ зертханасының аккредиттеу саласының қысқаруына және орналасқан жерінің мекенжайын өзгертуге байланысты.
3. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

