Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 13 шілдедегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 447 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO / IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Инфосерт» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Азия-Электрик» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы, Талдықорған қ.;
2) «Microread Technology [Kazakhstan] Co.Ltd (Майкроред Технолоджи [Қазақстан] Со.Лтд» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
3) «Көлік сынақ зертханасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы Шымкент қ.;
4) «Кайсар КПО» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
5) «Казстройсистема» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ.;
6) «SED» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
7) «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы, Рудный қ.;
8) «Кранбурсервис-Атырау» инженерлік орталығы ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Ценнер-Суан» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Шымкент қ.;
2) «Ақтөбе рельс-арқалықты зауыты» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
3) «Baltic Control KZ Certification»/Балтик Контрол кз Сертификейшн/, ЖШС-ң Солтүстік Қазақстан филиалының сынақ зертханасы, Петропавл қ.;
4) «Алпамыс-СК» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Оңтүстік Қазақстан филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Шымкент қ.;
2) «Global Standart Inc» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе қ.;
3) «ОТАН-СЕКЬЮРИТИ» ЖШС-ң Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
5. Мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 916-ОД 15.07.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

