Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы 15 шілдедегі № 16-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қ.,«Caley Energy» ЖШС-ң калибрлеу зертханасының 30.12.2020 жылы берілген № KZ.K.09.2409 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «03 және 10 өлшем түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

