Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 347-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Нұр-Султан қ., «Казпром Серт» ЖШС сынақ орталығының 2017 жылғы 17 сәуірдегі берілген № КZ.Т.01.1864 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

