Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 18 маусымдағы № 29 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, «СапаТехНадзор» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 22.05.2024 жылғы № KZ.P.16.2194 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
2. Қарағанды қ., «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің «Энергокөмір» Өндірістік басқармасының салыстырып тексеру зертханасы» аккредиттеу субъектінің «Karaganda Komir» ЖШС-нің «Энергокөмір» Өндірістік басқармасының салыстырып тексеру зертханасы» қайта ұйымдастыруына байланысты 18.10.2021 жылғы № KZ.P.10.E0597 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін, сондай-ақ аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне заңды мекенжайын: Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғылы, 16, деп өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізілсін.
3. Аккредиттеу субъекттің Қарағанды қ., «Құрылысмет» ЖШС Тау-көлік жабдықтарын жөндеу өндірісі өлшеу техникасын салыстырып тексеру зертханасы» атауынан «Qarmet Machinery» ЖШС-нің Тау-көлік жабдықтарын жөндеу өндірісі өлшеу техникасын салыстырып тексеру зертханасы» жаңа атауына өзгеруіне байланысты, 28.08.2023 жылғы № KZ.P.10.1356 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының өлшем құралдарын салыстырып тексеру бөлімінің салыстырып тексеру зертханасының 17.09.2021 жылғы № KZ.P.15.E0535 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «01, 07, 09, 16 өлшем түрлері» бойынша уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу саласының бөлігі қолданылуы қайта жаңғыртылсын.
5. Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Атырау филиалының метрология бөлімінің салыстырып тексеру зертханасының 07.02.2024 жылғы № KZ.P.06.0205 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «01, 02, 07 өлшем түрлері» бойынша уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғыртылсын.
6. «SITEK Caspian» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 21.10.2024 жылғы № KZ.P.09.2772 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «04 өлшем түрі» бойынша уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғыртылсын.
7. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Атырау филиалының сынақ орталығы (24.09.2024 жылғы № KZ.Т.06.0424 аккредиттеу аттестаты) енгізілсін.
8. ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіндегі Ақтөбе қ., Атырау қ., «ТехАвтоЛаб» ЖШС-нің сынақ зертханасының 25.07.2024 жылғы № KZ.T.05.2732 аккредиттеу аттестатына қатысты мәліметтер, Атырау қ. нақты мекенжайды қосу бөлігінде өзектендірілсін.
9. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
10. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурста орналастырсын.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 9 және 10 тармақтар бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
