Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағының сәйкес және 2024 жылғы 10 шілдедағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 49-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ., «Astana Roads» ЖШС-ң сынақ зертханасының 31.01.2023 жылы берілген № KZ.T.01.2463 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «мұнай жол битумдары тұтқыр» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

