«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Актау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 4714-26-00-3/1831 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы № KZ.T.13.2598 аккредиттеу аттестатының иесі «AQTAY AVTOSERTIF» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 21 мамырдан бастап 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі 6 ай мерзімге дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

