Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2022 жылғы шілде айының 08 күнгі № 11-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган Ақтөбе филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ 2019 жылдың 1 шілдесінде берілген № КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының құрылыс өнімі бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» РМҚ-ның талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» РМҚ-ның веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 906-ОД 13.07.2022 қайта жаңғырту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

