«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығымен бекітілген аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттың 8-тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Орал қ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2016 жылғы 15 шілдедегі № KZ.P.09.0048 аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі 2021 жылдың 15 шілдеден бастап 2021 жылдың 30 тамызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 15 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

