«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығымен бекітілген аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттың 8-тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақмола облысы, Көкшетау қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының сынақ орталығының 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № KZ.T.03.0011 аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі 2021 жылдың 13 қыркүйектен бастап 2021 жылдың 29 қазанға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

