Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) және 5) тармақшаларына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2025 жылғы 15 маусымдағы № 19-О хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - «ҰАО» РМҚ) Бас директорының Бірінші орынбасарының «Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы» 2026 жылғы 18 мамырдағы 719-ОД бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакциямен жазылсын:
«1. Алматы қ., «QAZ EXPERT SM» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 15.09.2023 жылғы № KZ.P.02.2578 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «01, 03, 09, 12, 13 өлшем түрлері» бойынша саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын»
4-тармақ келесі редакциямен жазылсын:
«4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін»
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң Бас директордың орынбасары А. О. Мамбетаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

