Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 15 маусымдағы № 19-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік қоғамының Алматы филиалының калибрлеу зертханасының 13.07.2022 жылғы № KZ.K.02.E1193 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «01-ші өлшем түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. О. Мамбетаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

