«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 04 қыркүйектен 2020 жылғы 04 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
Актөбе қ., «ДИК Ойл» ЖШС сынақ зертханасының KZ.И.05.0915 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар облысы, Ақсу-1 қ., «Қазхром» Трансұлттық компания» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты» Орталық зауыт зертханасының KZ.И.14.0815 аккредиттеу аттестаты;
Қызылорда қ., «ЭНЕРГОСЕРВИС» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.П.12.0930 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар қ., «Совместное предприятие ЦЕННЕР-ВАЛЬГЕРТ и К » ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.14.0795 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 4 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға таралады.

