«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 08.01.2025 жылғы № 104 және № 108 қаулыларына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
Мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу аттестаттарының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін:
- 29.01.2024 жылғы № KZ.T.13.2653 «АЛЬЯНС-ЭКСПЕРТ ЛТД» ЖШС сынақ зертханасының 2025 жылғы 18 шілдеге дейін;
- 10.10.2023 жылғы № KZ.T.02.2589 «CERTAUTO» ЖШС сынақ зертханасының 2025 жылғы 18 шілдеге дейін.
-
Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ның веб-сайтына орналастырсын.
-
Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтердің аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабарлама жіберсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың бірінші орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

