«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 14 маусымнан 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
1) Тараз қ., Шымкент қ. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOС» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.08.E0303 аккредиттеу аттестаты;
2) Ақтау қ., «ДАЕРС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.13.E0305 аккредиттеу аттестаты;
3) «SAPA-A» фирмасы» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының № KZ.O.01.E0298 аккредиттеу аттестаты;
4) Қарағанды қ., «Центргеоланалит» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.10.E0302 аккредиттеу аттестаты;
5) Петропавл қ., «Агро-Нан-Экс» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.15.E0304 аккредиттеу аттестаты;
6) «ECO AIR» ЖШС сынақ зертханасының № № KZ.T.07.1077 аккредиттеу аттестаты;
7) Талдықорған қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.20.E0333 аккредиттеу аттестаты;
8) «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл су» ШЖҚ МКК сынақ зертханасының № KZ.T.08.E0309 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 14 маусымнан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

