Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 08 маусымдағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша № 1 Қаулысы негізінде, аккредиттеу жөніндегі комиссияның «2022» жылғы «5» шілдедегі №1-П хаттамасы негізінде және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне «Петро-Экспертиза» ЖШС сынақ орталығының 2018 жылдың ақпан айының 28 күні берілген
№ KZ.Т.15.2032 аккредиттеу аттестаты 2022 жылғы 8 желтоқсанға дейін тоқтату туралы мәліметтерді Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК веб-сайтына орналастырсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 876-ОД 05.07.2022 Ақпаратты енгізу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

