«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Жаңаөзен қ. «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ның орталық зауыт зертханасының 2016 жылғы 05 тамыздағы № KZ.T.13.0088 аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі 2021 жылдың 05 тамыздан бастап 2021 жылдың 05 қарашаға дейін ұзартылсын.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 16 тамыздан бастап 2021 жылғы 16 қарашаға дейін ұзартылсын;
Алматы қ. «TNS-INTEC» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.02.1780 аккредиттеу аттестаты;
Атырау қ, Ақтау қ. «КазТрансОйл» салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.06.0143 аккредиттеу аттестаты.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 05 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

