«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі
2025 жылғы 29 шілдеден 2025 жылғы 29 қазанға дейін ұзартылсын:
- Қарағанды қ., «Омега-2» өндірістік коперативінің салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.0773 аккредиттеу аттестаты;
- Астана қ., «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.01.0922 аккредиттеу аттестаты;
- Форт-Шевченко қ., «Kaz M-1» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.13.1613 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қостанай облыстық филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшелері – Қарабалық аудандық ветеринариялық зертханасы және Жітіқара аудандық ветеринариялық зертханасының № KZ.T.11.0547 аккредиттеу аттестаты;
- Ақмола облысы, «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Ақкөл филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.03.0670 аккредиттеу аттестаты.
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

