Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 11 маусымдағы № 18-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Курчатов қ., Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізү құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Атом энергиясы институты» филиалының салыстырып тексеру зертханасының 27.08.2021 жылғы № KZ.P.07.E0468 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «04-ші мен 13-ші өлшем түрлері» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. О. Мамбетаевқа жүктелсін.

