Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қантар айының 30 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №04 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Нұр-Султан қ., "Казтелерадио" АҚ салыстырып тексеру зертханасыны аккредиттелсін.
2.ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Манғыстау облысы, "Северные Бузачи" кеніші "Buzachi Operating Ltd." (Бузачи Оперейтинг Лтд) компаниясының филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Султан қ., "Проектно-изыскательский институт "Каздорпроект" ЖШС-ң жол-тексеру зертханасы.
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
Қарағанды қ., "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" АҚ-ң "Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Қарағанды сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., "ҚазАТО оқу-сертификаттау орталығы" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы облысы, Боралдай кенті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "906-шы өлшеу техникасы базасы" РММ салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтөбе қ., Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ "Ақтөбе жүйералық электр тораптары" филиалының метрология және өлшеу жүйелері қызметінің салысытырып тексеру зертханасы.
3.ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 "Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар" талаптарына сәйкес Нұр-Султан қ., "Фирма "Жаңабет" ЖШС-ң өнімнің сәйкестікті растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Атырау қ., "Т-Стандарт" ЖШС-ң "Атырау" филиалының сынақ зертханасы;
Ақтау қ., "Mangystau Oil Refining" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
4.2 Қарағанды қ., "Казахстанский Институт Содействия Промышленности" ЖШС-ң сынақ зертханасы ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне және аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
4.3 Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
Атырау қ., "Relay Zholdas/Рилей Жолдас" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Атырау қ., "Relay Zholdas/Рилей Жолдас" ЖШС-ң калибрлеу зертханасы.
4.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Шымкент қ., "Инженерные изыскания" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтау қ., "Оқытау өндірістік орталығы "Шам-Шырақ" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., "Центр Консалтинг" ЖШС-ң аналитикалық зертханасы;
Алматы қ., НПП "КазЛабМетр" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертахансы;
Алматы қ., "Корпорация Сайман" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертхансы;
Қарағанды қ., Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Қарағанды филиалының метрология болімінің калибрлеу зертханасы;
Қарағанды қ., Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Қарағанды филиалының метрология болімінің салыстырып тексеру зертханасы.
4.5 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазгидромет" ШЖҚ РМК-ң Атырау облысы бойынша филиалының қоршаған ортаны мониторингтеу кешенді зертханасы атауы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" ШЖҚ РМК-ң Атырау облысы бойынша филиалының қоршаған ортаны мониторингтеу кешенді зертханасы атуына байланысты.
5. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

