«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығымен бекітілген аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттың 8-тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «EUROASIA MS» ЖШС-ның менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2016 жылғы 26 шілдедегі № KZ.Q.02.0133 аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі 2021 жылдың 26 шілдеден бастап 2021 жылдың 10 қыркүйекке дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 26 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

