Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 24 шілдедегі № 294 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. СТ РК ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Атырау қ., КДЛ «ОЛИМП» ЖШС-ның «КДЛ ОЛИМП Атырау»;
2) Астана қ., КДЛ «ОЛИМП» ЖШС-ның «КДЛ ОЛИМП Астана»;
3) Қарағанды қ., «Sanguis (Сангвис)» ЖШС- ның медициналық зертханасы;
4) Павлодар қ., КДЛ «ОЛИМП» ЖШС-ның «КДЛ ОЛИМП Павлодар».
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «АВТО СИСТЕМА» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Альянс инженерлік-өндірістік орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның сынақ зертханасы;
4) Қызылорда қ., «Энергетик KZO» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
5) Ақтөбе қ., «Кернеу АТ» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
6) Жаңаөзен қ., К.Д. «Метросервис» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
7) Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, «Стройпроектсервис 2015» – ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
8) Шымкент қ., «Tumar Construction Group фат» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
9) Жезқазған қ., Ұлытау облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның филиалының сынақ зертханасы;
10) Петропавл қ., «AgroLab» ЖШС-ның агрохимиялық зертхана сынақ зертханасы;
11) Астана қ., «Астана Су арнасы» ШЖҚ-ның минералды МКК ауыз су, су көздері және су сапасын бақылау жөніндегі сынақ зертханасы;
12) Көкшетау қ., «NewSurvey Kz (НьюСюрвей Кз)» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
13) Қарағанды қ., «Medi TEC-NC» ЖШС-ның Қарағанды филиалының сынақ зертханасы;
14) Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Ақтөбе филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
15) Ақтөбе қ., Ақтөбе ферроқорытпа зауытының – «Қазхром «ТҰК» АҚ-ның филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
16) Шымкент қ., «Автоматика Прибор Ремсервис» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
17) Рудный қ., «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның сынақ зертханасы;
18) Жаңаөзен қ., «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның калибрлеу зертханасы.
3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «STD Products» ЖШС-ның өнімінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
4. Аккредиттеу саласының субъект атауын өзгеруіне байланысты Астана қ. «INVIVO» (ИНВИВО) ЖШС-ның медициналық зертханасынан Астана қ., «AST-lab» (АСТ-лаб) ЖШС-ның медициналық зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
5. Аккредиттеу саласының орналасқан жеріне байланысты келесі ұйымдардын аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., «Eco Almaty» ЖШС-ның жылжымалы экологиялық зертханасының;
2) Алматы қ., «KAZ-Certificate» ЖШС-ның сынақ зертханасының.
6. ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Келесі ұйымдардың» стандартына өтуіне байланысты келесі ұйымдардын аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., Астана қаласы бойынша ҚР ДСМ КСЭК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы;
2) Ақтау қ., «КДЛ ОЛИМП» ЖШС-ның Маңғыстау филиалының КДЛ.
7. Аккредиттеу саласының аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыруға байланысты аккредиттеу Атырау қ., «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ның салыстырып тексеру зертханасынан Атырау қ., «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасына аттестаты қайта ресімделсін.
8. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардын аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., «НЦ КазЭнерго Стандарт» ЖШС-ның калибрлеу зертханасының;
2) Астана қ., «Астана сынақ орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасының.
9. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардын аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Көкшетау қ., «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» «Ақмола жүйеаралық электр желілері» АҚ-ның филиалының тексеру зертханасының;
2) Астана қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Астана филиалының сынақ орталығының.
10. Аккредиттеу саласының мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Рудный қ., «МедиДез ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
11. «ҰАО»РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1, 2, 3 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
12. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
13. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
14. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
15. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

