«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 02 тамыздан бастап 2021 жылғы 02 қарашаға дейін ұзартылсын;
Тбилиси қ. «Сентро Лаб» ЖШҚ-ның калибрлеу зертханасы KZ.K.00.1772 аккредиттеу аттестаты;
Көкшетау қ. «Алтын Сертиф» ЖШС-ның менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның KZ.Q.03.0954 аккредиттеу аттестаты;
Орал қ. ҚР АШМ ВБҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасының KZ.T.09.0002 аккредиттеу аттестаты;
Орал қ. «Стройкомбинат» ЖШС-ның сынақ зертханасының KZ.T.09.0148 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 02 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

