«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы № 39 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 2020 жылғы 20 шілдеден 2 тамызға дейін және 3 тамыздан 17 тамызға дейін ұзарту туралы шешім, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 26 қаңтардан бастап 2021 жылғы
09 наурызға дейін ұзартылсын:
Атырау қ, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Казгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының қоршаған ортаны мониторингтеу кешенді зертханасының KZ.T.06.1003 аккредиттеу аттестаты;
Орал қ, «Ұлттық стандарт» «сертификаттау орталығы» ЖШС-ның менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органың KZ.Q.09.0871 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

