Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 09 маусымдағы № 27 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Түркістан облысы, Шолаққорған ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының Созақ аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы,
2) Қостанай қ., «GLOBAL CONTROL INSPECTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы,
3) Атырау қ., «ДОСТЫҚ ВЕСТ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылжымалы сынақ зертханасы,
4) Шымкент қ., «KazEcoHolding» ғылыми зерттеулер және экологиялық сараптама орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы,
5) Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Алтынды ауылы, «AltynEx Company» акционерлік қоғамының сынақ зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты, Астана қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК-ның салыстырып тексеру зертханасының 17.01.2021 жылғы № KZ.P.E0520 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. Ақтөбе қ., «ЦСМ Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының орналасуы: Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., Астана ауданы, Мұхамеджан Тынышбаев көшесі, 51 үй. 4 пәтер жаңа нақты (және заңды) мекенжайға өзгеруіне байланысты, 01.07.2022 жылғы № KZ.P.05.E1161 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Түркістан облысы, Шолаққорған ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының Созақ аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы,
2) Қостанай қ., «GLOBAL CONTROL INSPECTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы.
-
«ҰАО» РМК Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы осы бұйрықтың 1 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурста орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 5-тармақ бойынша - Аппарат басшысы М. Копабаевқа, 6 және 7 тармақтар бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

