«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығынасәйкес, Қазақстан Республиқасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңның 22-бабына сәйкесжәне 2020 жылғы 28 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 72 хаттамасы негізінде,БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Қостанай қ., «Aktobe Gas Innovations» ЖШС-ң Қостанай қаласындағы филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Шығыс Қазақстан облысы, Серебрянск қ., «Казцинк» ЖШС-ң Бұқтырма гидроэнергетикалық кешенінің салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «SKYMAX INNOVATIONS» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы
Ресей Федерациясы, «Инжиниринговая компания «АЭМ-технологии» Акционерлік қоғамының Волгодонск филиалының («АЭМ-Технологии» «Атоммаш» АҚ-ң Волгодонск қ. филиалы) бұзбай әдістерді бақылау бөлімі;
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң қоршаған ортаның ластануын мониторингтеу сынақ зертханасы;
Өскемен қ., «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-ң филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары институтының сынақ зертханасы;
Атырау қ., Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Атырау облысы бойынша филиалының қоршаған ортаны мониторингтеу кешенді зертханасы;
Атырау облысы «Электростроймонтаж» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтөбе қ., «Актюбстройхиммонтаж» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

