«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті «RR-Standard» ЖШС сынақ зертханасының 24.07.2023 жылғы № KZ.T.04.2554 аккредиттеу аттестатын қолданылуын 2024 жылдың 11 желтоқсаңға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және осы ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны аккредиттеу субъектісіне жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

