«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылсын:
1) Астана қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2019 жылғы 1 шілдегі № KZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестаты және оның 2019 жылғы 1 шілдегі № KZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатына № 1 қосымша бойынша филиалдары:
1.1) Сәйкестікті растау жөніндегі Орталық органы (Астана қ.);
1.2) Алматы филиалы;
1.3) Ақмола филиалы;
1.4) Ақтөбе филиалы;
1.5) Атырау филиалы;
1.6) Шығыс Қазақстан филиалы;
1.7) Жамбыл филиалы;
1.8) Батыс Қазақстан филиалы;
1.9) Қарағанды филиалы;
1.10) Қостанай филиалы;
1.11) Қызылорда филиалы;
1.12) Маңғыстау филиалы;
1.13) Павлодар филиалы;
1.14) Солтүстік Қазақстан филиалы;
1.15) Семей филиалы;
1.16) Талдықорған филиалы;
1.17) Оңтүстік Қазақстан филиалы.
2) Астана қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2019 жылғы 1 шілдегі № KZ.О.01.0318 аккредиттеу аттестаты және оның 2019 жылғы 1 шілдегі № KZ.О.01.0318 аккредиттеу аттестатына № 1 қосымша бойынша филиалдары:
2.1) Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі Орталық органы (Астана қ.);
2.2) Алматы филиалы;
2.3) Ақтөбе филиалы;
2.4) Шығыс Қазақстан филиалы;
2.5) Батыс Қазақстан филиалы;
2.6) Қостанай филиалы;
2.7) Павлодар филиалы.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

