Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 16 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 322 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«Казахстан сертификация» ЖШС өнім сәйкестігін растау жөніндегі органы, Қарағанды қ.;
«Ғылыми-зерттеу орталығы «Алматы-Стандарт» ЖШС өнім сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
2. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO/TS 22003-2017 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелеріне аудит пен сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін, ҚР СТ ISO/IEC 17021-2-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 2 бөлім. Қоршаған орта менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO/IEC 17021-3-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 3 бөлім. Сапа менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO/IEC TS 17021-10-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 10 бөлім. Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес нұсқасына көшуі назарға келесі аккредиттеу субъектісі алынсын:
«БАТЫС СЕРТ» сертификаттау орталығы» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Атырау қ.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
3.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Fire Security ND» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.;
«TULGA» Оқу Сервисі» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Экологиялық сүйемелдеу және сараптама орталығы» ЖШС зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
«Каспий барлау геофизика институты» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.;
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Қызылорда қ.
«NDT Services Ltd» ЖШС мобильді сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«ДиаМет ПВ» ЖШС сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
«ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сот сараптамалары институты филиалының сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.
3.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«Фобос ГДИС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Атырау қ.;
«АйТрансГазСервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Шымкент қ.;
«Engineering & Construction Company» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Атырау облысы.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқартуына байланысты:
«Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-ның Қарағанды филиалының сынақ орталығы, Қарағанды қ.;
«Атыраугидрогеология» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.
4.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Кен Айдан» ЖШС сынақ орталығы, Ақтау қ.;
«BeSafe» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ РМҚК «ІРГЕТАС» инженерлік бейіндегі өңірлік университеттік зертханасының сынақ зертханасы, Өскемен қ.
4.3. Келесі аккредиттеу субъектісінің мекен-жайының атауы өзгеруіне байланысты:
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалының сынақ зертханасы – «Қарағандыцветмет» өндірістік бірлестігі, Қарағанды облысы.
4.4 Келесі аккредиттеу субъектісінің мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
«Ресурс Менеджмент Сервис» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.
4.5 Келесі аккредиттеу субъектісінің қайта ұйымдастырылуына байланысты:
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы, Орал қ.
5. «ҰАО» ЖШС Құқықтық және әкімшілік жұмыс Департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС
Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

