«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2018 жылғы 24 қыркүйектен 2018 жылғы 24 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
«Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы және оның филиалдары № 1 қосымшаға сәйкес (2013 жылғы 24 қыркүйектегі № KZ.О.13.0193 аккредиттеу аттестаты);
«Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2013 жылғы 24 қыркүйектегі № KZ.Q.13.0194 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары А.А. Мусинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

