«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 26 қаңтардан бастап 2021 жылғы
26 сәуірге дейін ұзартылсын;
Ақтөбе қ, «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы «Дөң тау-кен байыту комбинаты» қоршаған ортаны қорғау зертханасы KZ.И.05.1053 аккредиттеу аттестаты;
Ақтау қ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Манғыстау филиалының сынақ орталығы KZ.И.13.1037 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 26 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

