«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Алматы қалалық сотының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 7599-26-00-3а/501 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» берген 2025 жылғы 29 шілдедегі №KZ.Т.02.2929 аккредиттеу аттестатының қолданылуын «Авто Система» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БИН 220740041552) қатысты, кемінде төрт дөңгелегі бар және жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын (M1 санаты), оның ішінде өтімділігі жоғары көлік құралдарын (M1G санаты) сынақтан өткізу кіші түрі бойынша алты ай мерзімге, 2026 жылғы 30 қазанға дейін тоқтата тұру туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
