«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 25 тамыздан 2020 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартылсын:
Атырау қ., «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС сынақ зертханасының KZ.T.06.1640 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қ., «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика» АҚ-ның сынақ зертханасының KZ.И.02.0821аккредиттеу аттестаты;
Өскемен қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру және метролгиялық өлшемдер бөлімінің салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.07.0847 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 25 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

