Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 04 маусымдағы № 25 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «CertAvtoLab» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
2) Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр ауылдық округі, Кенен Әзірбаев ауылы, «ННН ТРЕЙД» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
3) Алматы қ., «АвтоНаСтарт» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
4) Алматы қ., «Бағалы металлдар мен асыл тастарды тәуелсіз сараптау орталығы Сынақ зертханасы» ЖШС-нің сынақ зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды аттестациялауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Ақтөбе қ., «ДИК Ойл» ЖШС-нің персоналдың сəйкестігін растайтын органы аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу субъекттің мекенжайының Қарағанды қ., «Құрылысмет» ЖШС Тау-көлік жабдықтарын жөндеу өндірісі өлшеу техникасын калибрлеу зертханасы» атауынан «Qarmet Machinery» ЖШС-нің Тау-көлік жабдықтарын жөндеу өндірісі өлшеу техникасын калибрлеу зертханасы» жаңа атауына өзгеруіне байланысты, 22.08.2023 жылғы № KZ.K.10.2096 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу субъекттің мекенжайының «Қарағанды қаласы, Бұқар-Жырау ауданы, Новоузен ауылдық округі, Севан ауылы, Ново-Тихонов тас карьері» атауынан «Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Новоузенка ауылдық округі, Новоузенка ауылы, 103 есептік квартал, 56-құрылыс» жаңа атауына өзгеруіне байланысты, «Карагандинское экспертное аудиторское агентство» ЖШС-нің сынақ зертханасының 02.08.2022 жылғы № KZ.T.10.E1229 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Алматы қ., «CertAvtoLab» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
2) Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр ауылдық округі, Кенен Әзірбаев ауылы «ННН ТРЕЙД» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
3) Алматы қ., «АвтоНаСтарт» ЖШС-нің сынақ зертханасы.
6. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
8. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурста орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 6-тармақ бойынша - Аппарат басшысы М. Копабаевқа, 7 және 8 тармақтар бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
