«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде ұзартылсын:
- «Темирбетон» ЖШС-нің сынақ орталығы (2015 жылдың 22 мамырдағы № KZ.Т.04.0746 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 24 тамыздан 2020 жылғы 14 қазанға дейін
- «Cosmomed» ЖШС-нің сынақ орталығы (2015 жылдың 22 мамырдағы № KZ.И.02.0738 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 24 тамыздан 2020 жылғы 14 қазанға дейін;
- «Cosmomed» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган (2015 жылдың 22 мамырдағы КZ.О.02.0995 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 24 тамыздан 2020 жылғы 14 қазанға дейін;
- Павлодар қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Павлодар филиалының салыстырмалы тексеру зертханасы, (2015 жылдың 29 мамырдағы № KZ.P.14.0761 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 29 тамыздан 2020 жылғы 20 қазанға дейін;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 13 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

