«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылдың 07 шілдесінен 2021 жылдың 07 қазанына дейін ұзартылсын:
Шымкент қ. «S-Азимут» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы KZ.P.16.1759;
Павлодар қ. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының сынақ орталығы KZ.T.14.0057;
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылдың 26 шілдесінен 2021 жылдың 26 қазанына дейін ұзартылсын:
Қараганда қ. «Метрологсертстандарт» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы KZ.P.10.1770;
Өскемен, Риддер, Алтай «КазЦинк» ЖШС сертификаттау сынақ орталығы KZ.T.07.0009;
Павлодар облысы, Ақсу қ. «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» қоршаған ортаны қорғау және өндірістік санитария бойынша сынақ зертханасы KZ.T.14.1161;
Атырау қ. «International Safety Standard» ЖШС сынақ орталығы KZ.И.06.1769.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Қ. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

