Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Семей қалалық бөлімшесінің сынақ орталығының аккредиттеу аттестатын қайтарып алу туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 30 маусымдағы № 301-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Семей қалалық бөлімшесінің сынақ орталығының 2018 жылдың 10 сәуірдегң берілген № KZ.T.07.2053 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

