Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 248-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Көкшетау қ., «Алтын Сертиф» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2016 жылдың 2 тамыздағы берілген № KZ.Q.03.0954 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

