Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 4-О хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
-
Павлодар қ., «Техно-NS.KZ» ЖШС сынақ зертханасының 14.02.2024 жылы берілген № KZ.T.14.2662 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «018 КО ТР» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК Мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда аталған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

