Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 25 маусымдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 259 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«YDD Corporation» ЖШС сынақ зертханасы, Қараганды қ.;
«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Ақтау қ.
«Промтехэкспертиза» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
«Мамандандырылған оқу орталығы және Кешенді қауіпсіздік» ЖШС сынақ зертханасы, Петропавл қ.;
«Ақтөбе өңірлік индустриялық технопаркі» ЖШС сынақ орталығы, Актобе қ.
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«Kamkor Service» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Алға салыстырып тексеру зертханасы» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Шымкент қ.;
«ЭТАЛОНСТАНДАРТ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«KazMedServiceGroup» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«KAZINTERSERVIS» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе облысы;
«АрселорМиттал Темиртау» АҚ калибрлеу зертханасы, Теміртау қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының қысқартуына байланысты:
«Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы, Өскемен қ.;
2.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және салыстырып тексеру зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Kazakhmys Energy» (Казахмыс Энерджи) ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды облысы.
3. «ҰАО» ЖШС Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

