«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 26 маусымнан 2024 жылғы 26 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
1) Ақтөбе қ., «Ақтөбе ЖЭО» АҚ сынақ зертханасының № KZ.T.05.0339 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Oilsert International» / «Ойлсерт Интернешнл» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.0435 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «Центр экспертизы (испытаний) и сертификации пиротехнических изделий (ЦЭкСПИ)» сынақ зертханасының № KZ.T.02.0284 аккредиттеу аттестаты;
4) Атырау қ., «Т-Стандарт» ЖШС «Атырау» филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.06.2232 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

